Біз тәрбиелеу мен білім беру арқылы табысқа шабыттандырамыз.
Біздің миссиямыз – әр бала өз құндылығын сезініп, сүйіспеншілікке бөленетін, биіктерге жетуге қабілетті екеніне сенетін мотивациялық білім беру ортасын құру. Біз әлемді жақсы жаққа өзгертетін көшбасшыларды тәрбиелеуге ұмтыламыз.
Оқушыларымыздың өмір бойы өздігінен білім алуға, сыни ойлау мен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуына көмектесе отырып, жауапкершілігі жоғары, парасатты тұлға болып қалыптасуына жол ашамыз.
Оқыту тілі – мемлекеттік және орыс тілдері. Мектепте 1–4 сыныптарға арналған 10 сынып-комплект бар. Әр сыныптағы оқушылар саны 22-ден аспайды, бұл әр балаға жеке көңіл бөлуге мүмкіндік береді.